30 Сәу 2024
Страницы KZ КГУ "IT-школа-лицей имени Назира Норекулова" отдела образования Созакского района управления образования Туркестанской области

Мектеп туралы

Мектеп туралы

Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейі ақпараттық коммуникациялық құзыреттілікке бағытталған, дарынды балаларға сапалы мен саналы тәрбие беріп келе жатқан білім мекемесі. Мектеп-лицей өз жұмысын бастағы бері жас жеткіншектердің білімін шыңдай отырып, аудандық, облыстық, республикалық түрлі байқаулар мен пәндік олимпиадалардан жүлделі орындар иеленуіне өзіндік үлесін қосып келеді.

Мектеп-лицей 2005 жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Шолаққорған» жалпы орта мектебі болып, пайдалануға берілген. 1266 оқушыға арналған.

Созақ ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі №110 қаулысы бойынша «Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Шолаққорған» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып, қайта құрылған.

Мектеп-лицей педагогтары өздерінің кәсіби құзыреттіліктері мен шығармашылық әлеуетін мектеп оқушыларына білім мен тәрбиені сіңіру үрдісінде жұмсап келеді. Барлығы мектепте 166 жоғары білімді педагог мамандар жұмыс істейді.

 Мұғалімдердің сапалық құрамы:

жоғарғы білімді мұғалім саны – 166

магистр мұғалім – 8

педагог-шебер – 1 мұғалім

педагог-зерттеуші – 61 мұғалім

педагог-сарапшы – 20 мұғалім

педагог-модератор – 22 мұғалім

жоғары санат – 1

бірінші санат – 5

екінші санат 4

«Ы.Алтынсарин» төсбелгісі – 1

Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» - 1

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» – 5

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хаты» – 5

Облыс әкімінің «Алғыс хаты» -8 мұғалім

Түркістан облысының білім басқармасының «Алғыс хаты» - 29 мұғалім

Базалық білім мазмұны бойынша деңгейлік курстарынан өткен мұғалімдер ұстаздар  мектепте деңгейлік курстар, коучинг сабақтар өткізіп білім деңгейін арттыруға үлес қосуда. Мектеп-лицейдің барлық мұғалімдері жыл сайын  біліктілік арттыру курстарынан өткізіледі. Мектепте педагогикалық шеберлік орталықтары мен "Өрлеу" Республикалық біліктілік арттыру курстарынан өткен ұстаздар еңбек етеді.

Мектеп-лицей ұжымы білім беру мен білім мазмұнын іске асыруда оқытудың түрлі әдістерін пайдаланып, өз тәжірибелеріне ендіріп келеді. 2006 жыл «Білім ұясы: Таңдаулы мектеп – 2006» облыстық байқауында БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды.

2006 жыл «Шолаққорған» жалпы орта мектебі 5 желтоқсан күні Астана қаласында өткен «Білім ұясы» ІІ республикалық конкурсынан «Үздік мектеп» номинациясына ие болып қайтты. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Б.Әйтімова «Білім ұясы» ІІ республикалық конкурсына қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.

2006 жыл. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен облыстың руханият – ағарту саласының дамуына ерекше үлес қосқаны үшін 2006 жылдың «Ең үздік мектебі» болып танылып, Алтын қыран белгісімен марапатталды. 

2006 жыл.Облыстық «Tаңдаулы мектеп кітапханасы – 2006» байқауының бас жүлде иегері

2007 жыл. Астана қаласында өткен «Білім және ғылым ХХІ ғасырда» атты Халықаралық Қазақстандық көрмеге қатысып, жаңа ақпараттық технология негізінде білім беру мен дамытуға байланысты электронды кітапхана арнайы дипломмен марапатталды.

2007 жыл. 2006-2007 оқу жылында ҰБТ қортындысы бойынша «Үздік 100 мектептің» қатарына енді.

2010-2022 жылдар аралығында мектеп-лицей оқушылар арасындағы спартакиада мен ұлттық мектеп лигасы жарыстарында жоғары орындардан көрініп келді.

2022 жылы «Айбын» республикалық әскери-патриоттық сайысты мектеп-лицей Республикалық сайыста Түркістан облысының атынан қатысып, жалпы нәтижеде 1 орынды иеленді.

Мектеп-лицей 2005 жылдың қыркүйек айынан жұмыс жасап келеді. Оқу корпусының жалпы ауданы – 8729 ш.м., пайдалы ауданы – 7761 ш.м., жобалық қуаттылығы – 1266 бала, 3 қабатты типтік ғимарат. Сынып кабинеттерінің саны – 58, жаңа модификацияланған химия – 1, физика – 1, биология – 1 кабинеттері, мультимедиялық – 1, робототехника – 1, компьютер кабинеті - 3 кабинет бар.

Жалпы компьютер саны - 120, интернет желісіне қосылған. Интернет желісінің жылдамдығы 40 Мбит/с. Интерактивті тақта саны – 10.

АӘД-ден «Алғашқы әскери дайындық» дәрісханасы, саптық дайындық алаңы, қаруды сақтауға арналған бөлмесі, ату тирі, қару-жарақ тазалау бөлмесі, спорттық алаң, гимнастикалық қалашық, тактикалық алаң, ату-жаттығу алаңы талапқа сай 100% жабдықталған. Темір өңдеу кабинетінде темір өңдеуге арналған, ағаш өңдеуге арналған станоктар бар. 2 спорт залы балалардың бос уақыттарында спорттық секцияларға қатысуына мүмкіндік береді, спорт алаңы бар.180 орындық мәжіліс залында түрлі тәрбиелік іс-шаралар өткізіледі.

Кітапханадағы жалпы оқулық қоры – 36832. Оның 28203 мектеп оқулықтары, 6742-і қазақ, орыс тілдеріндегі көркем әдебиет. Оқырмандар интернет желісін пайдалана алады. Кітапхана бөлмесінде оқырмандарға  арналған орындар, ақпараттық пункт, каталогтармен жұмыс істеуге арналған орындар, жабық сақтау қорлары бар.

Мектеп-лицей асханасы тиісті құрал-жабдықтар (электр пеші, мұздатқыштар, т.б.) санитарлық нормаға сай қойылған. Балалардың тамақтану нормаларына сәйкес ас мәзірі жасалған.  Оқушылар 1 мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі, 120 орындық асхана құралдарымен жабдықталған. Медициналық кабинет – егу бөлмесі, оқшауланған бөлме. 2 медбике жұмыс істейді. Сыртқы және ішкі бейнебақылау жүйесі бар.

 

Мектеп туралы

1)Білім беру ұйымының толық атауы;

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының, Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

2)Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекенжайы және нақты орналасқан жерінің мекен жайы);

161000, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Созақ ауданы, Созакбай Токпанбетов көшесі, №1А үй, БСН: 050740000492

3)Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web-сайт); 8 (72546)4-25-49, Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

4)Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә., лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі); Созақ ауданының білім бөлімінің «Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Байс Мамырғали Құрманбекұлы барлық қаржылық және басқа да құжаттарға бірінші қол қою құқығымен директор лауазымына Түркістан облысының білім басқармасының, Созақ ауданының білім бөлімінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 19 бұйрығымен бекітілген.

5)құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары (заңды тұлғаны және жарғыны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/куәліктің көшірмесі қоса беріледі);

Түркістан облысының әділет департаменті Кентау қаласының ауданаралық әділет басқармасы, заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама. БСН 050740000492. Кентау қаласы, 2021 жылғы 27 қаңтар.

Алғашқы мемлекеттік тіркеу күні: 2005 жылғы 5 шілде.

6)рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе)мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон).

Лицензия нөмірі: № KZ51LAA00036434

Лицензия берілген күні: 2024 жылғы 03 маусым

Беру үшін негіз: Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің 03.06.2024ж. №861 бұйрығы

Лицензиар: «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Түркістан облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» мемлекеттік мекемесі.

Созақ ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 25 сәуірдегі №110 қаулысы бойынша «Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Шолаққорған» жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Созақ ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Нәзір Төреқұлов атындағы ІТ-мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып, қайта құрылған.

Мектепте 58-оқу бөлмесі, 3-компьютер бөлмесі, STEAM және робототехника дәрісханасы, қосымша персоналдарға арналған кабинеттер, 1-кітапхана, 2-спортзал, 2-шеберхана, 1-мәжіліс залы, гардероб, қосалқы бөлмелер, санитарлық тораптар, жуыну бөлмелері, медициналық қызмет көрсету бөлмесі, асхана және спорт алаң, шаруашылық аумақта от жағатын ғимарат, аулалық 12-орындық әжетхана қарастырылған. Мектептің жобалық қуатына сәйкес сыныптарда бір білім алушыға шаққанда 2,5 шаршы метр нормасына сәйкес келеді.

Спорт залдардың ауданы 295,2 м2 мұнда ұлдарға және қыздарға арналған бөлмелер қарастырылған, ұлдардың және қыздардың бөлмесінде киім ілгіштер қойылған. Спорт залдың еденіне ағаштан ылғалды тәсілмен өңдеуге және дезинфекциялауға жол беретіндей бүтін. Жылыту жүйесі радиаторларында терезе мен жарық құралдарында қоршау қондырғылары бар. Барлық үй-жайларда еден, төбе және қабырға беттері талапқа сай. Жиһаздар мен жабдықтар, спорт алаңындағы жабдықтар балалардың бойы мен жас ерекшелігіне сәкес келеді. Мектепте өндірістік 2-оқу шеберханасы қарастырылған қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қолданыстағы гигиеналық нормативтердің талаптарына шу деңгейінің зертханалық өлшеу нәтижелері сәйкес келеді. Химия пәніне тәжірибе жүргізу үшін пайдаланатын химиялық реагенттер, қышқылдар, сілтілер таңбаланған жауапты адамның бақылауымен арнайы орында қойылған. Мектепте орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау көзделген, олар жарамды жағдайда. Ауыз суға аумғаныдағы тереңдетілген құдық суын пайдаланады, ауыз су құбырлар арқылы ішке кіргізілген, ыстық суға 3- «Аристон» қондырғысы орнатылған. Ауыз су режимін ұйымдастыру үшін басшының бұйрығымен жауапты адам тағайындалған. Қолданыстағы гигиеналық нормативтердің талаптарына судың химиялық және микробиологиялық зертханалық зерттеу нәтижелері сәйкес келеді. Мектепте 1-ші, 2-ші, 3-ші қабаттарда және барлық сынып бөлмелерінде 66-раковиналар орнатылған. Оқушылардың, персоналдың қолдарын өңдеуге арналған тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылған. Оқушылар мен қызметкерлерге арналған санитариялық тораптарда дозаторларда сабын, дозаторларда қолға арналған дезинфекциялық құралдар, бір реттік қағаз сүрткіштер, қол жуу қағидалары бар плакаттар ілінген. Кәріздеу жүйесіне су бұру құрылғысы көзделген, сарқынды сулар шаруашылық аумағында орналасқан шұңқырға жиналады, септиктің беті жабылған, айналасы қоршалған. 1-ші, 2-ші, 3-ші қабаттарда дәретхана 43-унитаз, ұлдар дәретханасында писсуар латогтары, персоналдар үшін бөлек дәретханалар қарастырылған. Мектепте ішіне, сыртына бейнекамералар қойылған. Мектептің кірі берісіне пандустар қойылған, пандустар тұтқалармен жабдықталған.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар